Қазақстанда грантты қалай алуға болады?

Соңғы кездері маған: «мен ҰБТ-ден (*) балл алдым, осы баллдармен осы университетке және осы мамандыққа грант ала аламын ба?» - деген сұрақтар көп келеді. Барлық талапкерлерге бір жауабым бар: Ала аласыз!   Ал енді жеке қарастырсақ болады.   Ең біріншіден Қазақстанда тегін білім алуға мүмкіндігіңіз бар. Мен өзім 2005 жылы грант алдым, сондықтан білгендіктен айтып отырмын. Өйткені жыл сайын мемлекет тарапынан мүгедек балаларға, жетімдерге, оралмандарға және дарынды балаларға 30 мың грант бөлінеді. Мысалыға айтатын болсақ: 2008 жылы ҰБТ-ді 150 мың адам тапсырды, яғни әр 5-ші талапкер грант иеленеді.   Әрине, барлық құжаттарды тапсырғаннан кейін, грантты «өзінен-өзі келеді» деп отырған дұрыс емес. Мемлекет тарапынан бөлінген грантты иеленуге мүмкіндікті арттыру үшін, сізге еңбектену қажет.   Негізі менің тұжырымым бойынша грант алу таңдап алынған 4-ші пәнге, ЖОО-ға және мамандыққа тәуелді. Әр тармақты бөлек қарастырайық:   4-ші пән туралы мен бұрын қарастырғам. Сонымен бірге талапкерлердің басым бөлігі 4-сі пәнді таңдап алып, ҰБТ-ді тапсырып нәтижелерін білуде. Биыл жалпы балдар саны 125, ал байқауға қатысатын балдар 100 (5-ші пәнсіз) болып ауысқандықтан мен ары қарай 100 балдық шкала арқылы санаймын.   Университетті таңдау. Бұл күрделі нәрсе, уақыты келгенде мен осы мәселе туралы әлі қарастырамын. Уақытша сендерге екі кеңес бере аламын: егер грантқа түскіңіз келсе университетті таңдауға үлкен мән беріңіз. Өйткені оқу басталғаннан кейін ЖОО-ды ауыстыра алмайсыз (тұжырым ретінде ондай мүмкіндік бар, бірақ...). Ал ақылы оқим дегендерге жеңілдірек, егер университетіңіз ұнап қалмаса, қалаған кезінде басқа университетке ауыса алады.   Тағы бір кеңеске назар салсаңыз – университетті таңдағанда дәретханаға, ксерокөшірмеге және асханаға қараңыз. Дәретхана таза, асхана арзан (және тамақтары жеуге жарамды), ал ксерокс университеттен жаяу жолы 5 минуттен аспағаны дұрыс. Өйткені келесі 4 жылдың ішінде оларды жие пайдаланатын боады. Ал қабылдау коммиссиясы тек қана жазда жұмыс істейтінін де ұмытпаңыз.   Ал енді маңыздысына келетін болсақ: мамандықты таңдау.   Байқауда қатысу үшін таңдап алынған 4 мамандығы бар өтінішті жазасыз. Әр мамандыққа қарсы ЖОО-ның коды жазылады. Байқауда гранттарды қарастыру кезінде 1-ші тұрған ЖОО-ны, өтпесеңіз келесі ЖОО-дан қарастырылады. Яғни, сіздің «армандайтын университетіңіз» тізімнің алғашқы екеуінде, ал келесі екеуінде «нақты өте алатын» ЖОО-дарды жазылады.   Сонымен, грантқа түсетін мүмкіндігіңізді қалай білуге болады? Осы мамандықтардың тізімін қалай құрастыруға болады?   Осы сұрақтарға мен осыған дейін қысқаша жауап бергенмін. Бізге 2007жылдағы гранттарға мемлекеттік тапсырысы мен 2007 жылда гранттарды иеленгендердің тізімі керек. Оған қоса сізде өзіңізге жақын, жақсы еңбекақы мен беделдігі бар мамандықтардың тізімін жасау тиіссіз.   Ал енді гранттарды иеленген тізімнен өзіңізге ұнайтын мамандықтардың ең аз балдарды жазып алып, оны 5-10 балға қосыңыз. Балдарды қосқанымыздың себебі: әр жыл сайын орташа балдар өсіп отырады. Соңында бізге керекті грантқа өтуге ең кішкентай балды алдық.    Енді байқауға қатысатын 4 мамандықты таңдауға болады.   Бірінші мамандыққа - өзіңіздің «арман университетіңізді» алуыңызға болады. Яғни, өтуге болатын балл сіздің ҰБТ-дің балдарынан үлкен бола берсін. Ал екінші мамандық «арман университетінің» өту балдары сіздің алған балыңыздан кем болу керек.    Үшінші мамандық – тұрақтылық. Сіздің алған балыңыз грант алған балалардың балдарының ең ортасында болуы тиіс. Келесі төртінші мамандықпен де солай істейсіз.   Егер ауылдық квотаңыз болса, онда үшінші және төртінші мамандықтарыңыз сол квотаға кіру тиіс мамандықты таңдаңыз. Соған қоса беделсіз мамандықты (агроном), не болмаса гранттар көп бөлінген мамандықты таңдап алғаныңыз дұрыс.   Егер сіз 90 балл мен «Алтын белгі» иегері болсаңыз, онда тізіміңіздегі бірінші мамандыққа грантты ешқандай қиындықсыз ала-аласыз. Бірақ балыңыз аз болса, бәсекесі тым үлкен мамандықтарға уақытыңызды бөлмеңіз.   Ең бастысы қорытынды тізімге кірген барлық мамандықтар сізге ұнау тиіс, өйткені олардң біреуінде грантқа оқитын боласыз. Ал тегін оқудың бір кемшілігі: сіз басқа университетке ауыса алмайсыз.   Мен сіздерді тағы бір қателіктен аулағым келеді. Гранттар байқауы мамандықтың «ішінде» ғана қарастырылады. Ал ЖОО-ның жазу себебі: Білім және Ғылым Министірлігі ақшаны қайда аударатынына білу тиіс. Сондықтан ҚазГУ-мен UIB бәсекелері бірдей болады, жалпы мемлекеттік университеттерде ешқандай жеңілдіктер берілмейді. (Бірақ кейбір университеттерге арнайы гранттар беріледі: ҚБТУ, консерватория, Жургенев...)   Сондықтан, өзіңіздің балдарыңызды санап, мамандықтардың тізімін жазып грантқа өтініш білдіріңіз! Ал аз алған балаларға да грантқа өтініш білдіруге кеңес беремін, кім біледі, мүмкін сіз де грантқа түсіп, Қазақстанның ең үздік университетінде тегін білім ала аласыз.   Сәттілік тілеймін!!!  
Категории и рубрики: 
Обучение: 

Комментарии

Аватар пользователя Жазира Көшербаева

олимпияда арқылы грантқа түсуге болама? 

Аватар пользователя Абасова Айжамал

Дүние жүзі тарих бойынша мен қандай мамандыққа тапсырсам болады,Құқық ,тарих факультетінен басқа?

Аватар пользователя Жұпарзат

Сәлеметсіздер ме?!

  Мен 2015жыл түлегімін. Көп балалы отбасынанмын. Бесінші пән ретінде физика пәнін алдым. Жаныма жақын, есепке жүйрік болған соң, осы пәнді керек еттім...Қандай мамандыққа баруға болады? Қандай гранттар бар? Қөп балалы болған соң қандай да бір жеңілдіктер болама??? Жауап берсеңіздер, алдын - ала рахмет!!!

 

Аватар пользователя Bogdan

Барлығына ерекше алғысымды білдіремін, Feigeles несие компаниясы 30 қаңтарға дейін несие ұсынады, 3% -ы, егер сіз мүдделі және білгіңіз келсе, өмірді ыңғайлы ету үшін банктен арнайы ақшалай қаражат бере алмайтын адамдарға:Adamfeigelesfirm@yahoo.com :)