Грант иеленушілерге арналған жеңілдіктер мен артықшылықтар

Қазақстанда грант иеленушілерге бірнеше жеңілдіктер мен артықшылықтар қарастырылған.   1. «Алтын белгі» иегерлері. Жеңілдіктердің арасынан ең құрметті және аса қиын категория. Алтын белгі иегерлеріне тек қана барлық пәндерді 5-ке тапсырса болды, барлық жоғары оқу орындарға жол ашылады. Олар байқауды жалпы баллмен өтетіндіктен 4-ші пәнге мән бермеуге де болады. Оған қоса «Алтын белгі» иегерлері тізімнің алғы қатарында тұрады, яғни көбінесе бұл автоматты түрде грант иеленеді деген сөз. Бірақ кейбір аса жақсы мамандықтарға (50 орынға 60 Алтын белгі иегерлері қатысса) «Алтын белгі» иегерлері арасындағы байқау өткізіледі.   Халықаралық және мемлекетішілік олимпиада жеңімпаздарында да байқау «Алтын белгі» иегерлері сияқты байқауға қатысады. Бірақ оларда олимпиадада болған пәнге сәйкес 5-ші пәнді таңдап туыстас мамандыққа түсе алады.   2. Жетім балаларға, мүгедектерге, оралмандарға және т.б.   ЖОО-ның қабылдау комиссиясына тапсырудың алдында барлық растайтын құжаттарды дайындап қою қажет.   Ал енді жұмыс істеу принципін қарастырсақ: 100% гранттардан тек қана бірнеше пайызы жеңілдік ретінде қарастырылады. Жыл сайын пайыздық мөлшері өзгретіндіктен соңғы жылдың мемлекеттік тапсырыс тізімін қарастыру қажет. Егер сіз жеңілдік иегері болсаңыз, онда Сіз ТЕК ҚАНА жалпы балл бойынша қарастырыласыз. Сонымен қатар квота бір мамандыққа және барлық гранттар бойынша берілмейді, тек қана мамандықтардың тобына беіледі.   Егер грант байқауында Сіз осы топқа кірмей қалсаңыз, онда жалпы байқауда грант иеленуге мүмкіндігіңіз бар. Яғни, баллдар сәйкес келіп қалған кезде жеңілдік иегерлері грант алуға басымдықтары бар   3. Ауылдық квота   30% ауылдық квота арнайы Мамандықтардың тізімі арқылы беріледі. Жалпы байқауда (гранттардың 70% пайызында) Сіз барлық талапкерлермен бірге қатысасыз. Егер өтпей қалсаңыз, онда қалған 30% гранттарға тек қана “Ауылдық квота» иеленушілері арасынан байқау өтеді   Яғни 100 балл алсаңыз Сіз ешқандай жеңілдіксіз(квотсыз) грант иелене аласыз. Ал егер 70 балл болса, онда мүмкіншілігіңіз кемиді. Осы кезде сізге Ауылдық квота көмектесе алады.    Мінекей Қазақстан Республикасының мемлекеттік гранттардағы жеңілдіктері туралы барлық мәлімет.  
Категории и рубрики: